A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 16:40 0

Ұлан ауданында биыл 31 екі пәтерлі үй салынады

Бүгін / Ұлан

Бұл «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша жүзеге аспақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімінің орынбасары Рустам Садуақасовтың айтуынша, өткен жылы 11 ауылда 30 екі пәтерлі үй салынған.
– Атап айтсақ, Сағыр, Мамай батыр, Айыртау, Алмасай, Б.Өтепов, Алғабас, Ұлан, Каменка, Пролетарка, Ново-Одесское, Асубұлақ ауылдарында 60 пәтер салынды. Бұл халықты қолжетімді тұрғын үймен қосымша қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал биыл бағдарламаны жүзеге асыру жалғасуда. Соның нәтижесінде 1 млрд теңге бөлініп, 31 екі пәтерлі үй (62 пәтер) салу жоспарланған, – деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив