Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған концепцияны сақтап, оған құрмет қарау маңызына тоқталды. Ол экологиялық мәдениетті көтеру мәселесіне көңіл бөлу қажеттігін де атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Осы тұста ол «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына байланысты тағы да атап өтті.
– Қалалар мен ауылдарды көркейту, аумақтарды көгалдандыру жұмысына әрдайым ерекше мән беру қажет.
Сондай-ақ экологиялық мәдениетті көтеру мәселесіне көңіл бөлген жөн. Әсіресе, адамдардың туристік нысандар мен табиғат аясындағы тәртібіне айрықша назар аудару маңызды. Тәртіп бұзушыларды, яғни, вандалдарды заңға сәйкес жауапқа тарту қажет. Бір сөзбен, құқықтық нигилизмге қоғам болып қарсы тұруымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.
Оның ойынша, Заң мен тәртіпке құрметпен қарау деген – жазадан қорқу емес, бұл – ең алдымен жауапкершілік сезімі жоғары азаматтарға тән айрықша болмыс. Осы маңызды дүниені дұрыс түсінген жөн екенін айтты.
– Қазіргі бұлыңғыр, әскери қақтығысқа толы заманда елімізге татулық пен тұрақтылық ауадай қажет. Онсыз ешқандай реформа, жалпы оң өзгеріс болмайды. Сондықтан құқық қорғау мекемелері заң бұзушылықтарға қатаң шаралар мен жазаларды қолдануы керек. Кейбір елімізді жақтырмайтын, менсінбейтін кісілер, өкінішке қарай, солардың ішінде Парламент депутаттары бар, құқықтық әрекеттерімізді «Штрафстан», «Айыппұлстан» деп атайды екен. Мейлі, өз ойларының келтелігін көрсете берсін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осыны айтты да, Қазақстан халқына қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік керектігін жеткізді.
– Сондықтан біз осы жолдан таймаймыз, батыл түрде «Заң мен тәртіп» саясатын жүргіземіз. Себебі бұл – халқымыздың талабы, халқымыздың сұранысы. Бүкіл қоғам да, әкімдер де бұл мәселеге баса назар аударуы керек, – деді Президент.
Пікірлер