27 маусым күні Ұлытау облысындағы Жаңаарқа ауданында «Көкмайса – даланың тірі тарихы» атты республикалық этномәдени фестиваль ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бағдарламада этноауылдар мен ұлттық салт-дәстүрлер, қымызмұрындық рәсімі, ұлттық спорт ойындары, қолөнер көрмелері, 500 бие сауылатын тарихи көрініс пен танымал өнер жұлдыздарының концерті болады.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, «Көкмайса» — қазақ даласының рухын сезінетін, дәстүр мен мәдениет тоғысқан ерекше фестиваль.
Пікірлер