«Казгидромет» 3-5 маусым аралығына арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Белсенді циклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етіп жатыр. Алдағы күндері елімізде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, сондай-ақ бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.
4 маусымда еліміздің батыс өңірлерінде, 4-5 маусымда солтүстік-батыс пен солтүстік аймақтарда, ал 6 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Күндіз батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте ауа температурасы +22...+30°С дейін көтеріледі. Солтүстік-шығыс пен шығыста ыстық ауа райы сақталып, ауа температурасы +30...+37°С дейін жоғарылайды. Республиканың оңтүстік-шығысында аптап ыстықтың аздап бәсеңдеуі күтіледі, мұнда ауа температурасы +25...+33°С шамасында болады.
Еске салсақ Алматыда ерекше «парик ағаш» гүлдеді.
Пікірлер