Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мәліметіне қарағанда, бұл құжат жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін құқықтық реттеуді жетілдіруге (ұғымдық аппаратты нақтылау; жергілікті қоғамдастықтың жиындары мен жиналыстарын өткізуге байланысты мәселелерді реттеу және т.б.), мәслихаттар қызметінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ мәслихат аппараты басшысын тағайындау және лауазымнан босату тәртібін, оның өкілеттіктерін айқындауға бағытталған.
Сонымен қатар бұл заңда жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге азаматтардың қатысу деңгейін арттыру қадамдары қамтылған.
- Бұдан бөлек, суррогат ана мәселелері ескерілген. Суррогат ана қызметтеріне тапсырыс берушілер некедегі ерлі-зайыпты Қазақстан Республикасының азаматтары ғана бола алады, - деді Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров.
Сонымен қатар ел азаматы қатарынан екі реттен артық емес мәслихат төрағасы болып сайлануы туралы шектеу белгіленді.
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысатындардың тізбесін кеңейту ескерілген. Бұл ретте архив ісінің және цифрлық технологиялар саласындағы мамандар қосылды, - деді депутат.
Пікірлер