A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 10:40 0

Ұлан ауданында прокуратура араласқаннан кейін 811 тұрғын қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді

Бүгін / Ұлан

Аудан прокуратурасы халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің заңдылығы мәселелерін талдау барысында азаматтардың конституциялық құқықтарының өрескел бұзылу фактілерін анықтады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Анықталғандай, аудандық ауруханада диспансерлік есепте тұрған 811 азамат мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек шеңберінде қажетті дәрілік заттармен уақытылы қамтамасыз етілмеген. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңбұзушылықтар жойылды. 

— Пациенттер қажетті дәрі-дәрмектермен толық көлемде қамтамасыз етіліп, азаматтардың бұзылған конституциялық құқықтары қалпына келтірілді. Прокурордың ұсынысы бойынша кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың денсаулығын сақтауға арналған конституциялық құқықтарының сақталу мәселелері прокуратураның ерекше бақылауында, — делінген хабарламада.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив