A+ A A-

talgatzhan 60 5-06-2026, 11:10 0

Риддердің 240 жылдығы – қала тарихын қамтыған конференция өтті

Бүгін / Риддер

Бүгін Риддер қаласының 240 жылдық мерейтойы аясында «Риддер тарихи аспектілер аясында» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ауқымды іс-шара бірнеше алаңда өтіп, оған республиканың әр түкпірінен келген ғалымдар, профессорлар, қоғам қайраткерлері, архив саласының мамандары мен зерттеушілер қатысты. Конференция барысында қатысушылар Риддер тарихы, қаланың қалыптасу кезеңдері, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени мұрасы мен болашақ даму бағыттары жөнінде ғылыми баяндамалар жасады.     
Сондай-ақ жиында өлкетану ғылымын дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау және архив құжаттарын ғылыми айналымға енгізу мәселелері талқыланды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, өңір тарихын зерттеудің өзекті бағыттары бойынша пікірлерін ортаға салды.                         
 – Жоғары ғылыми және ұйымдастырушылық деңгейде өткен конференция Риддер қаласының бай тарихи-мәдени мұрасын дәріптеуге, оның ел тарихындағы маңызын кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді. Іс-шара аясында айтылған ғылыми тұжырымдар мен ұсыныстар өңірдің тарихи құндылықтарын сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу ісіне өз үлесін қоспақ, – делінген ақпаратта.

Шұғыла Зауырбекова

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив