Аудандық соты жергілікті кәсіпкерге қатысты әкімшілік істі қарап, оны бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сот материалдарына сәйкес 4 мамырда кәсіпкер Астана көшесіндегі автобекетке қарама-қарсы аумақта ақпараттық баннерді бүлдірген. Ол конструкцияны жыртып, қоқысқа тастаған.
Іс бойынша оның әрекеті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабы 1-бөлігімен сараланды. Бұл бап бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін жауапкершілікті қарастырады.
- Істі қарау барысында сот материалдарды зерттеп, тараптардың түсініктемелерін тыңдады. Нәтижесінде сот кәсіпкерді кінәлі деп танып, оған 151 375 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Аудандық сот мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада айыппұл немесе әкімшілік қамау жазасы көзделетінін еске салды, - делінген ресми мәліметте.
Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер