A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 15:00 0

Қазақстандықтар қарыз алуды азайта бастады

Бүгін / Республика

Қазақстанда кепілсіз тұтынушылық несиелердің өсу қарқыны айтарлықтай баяулаған. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Оның айтуынша, халықты кредиттеу анағұрлым теңгерімді сипат ала бастаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

- Сәуір айында кепілсіз тұтынушылық несиелердің өсімі 10,7%-ды құрады. Ал 2024-2025 жылдары бұл көрсеткіш шамамен 20% деңгейінде болған, – деді ол.

Ұлттық банк мұны тұтынушылық сұраныстың қалыпқа келуімен байланыстырады.

Сонымен қатар бөлшек сауда өсімі де баяулаған. Қаңтар-сәуір аралығында бөлшек сауда көлемі нақты мәнде 3,4%-ға артқан.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив