A+ A A-

talgatzhan 49 Бүгін, 21:10 0

5000-нан астам адам Самардағы туристік маусымның ашылуын тамашалауда

Бүгін / Басты / Самар

Кешқұрым Самар ауданына қарасты Сарыбел ауылы маңында би кеші болып, диджей заманауи музыкаларды жаңаша нұсқада ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Балалар үшін біршама қызық бағдарламалар ұйымдастырылған. Жоспарға сәйкес алдымен көпке көбік шашылды. Тиісті темір құрылғыдан атқылаған ақ көбікке жасы да, қарты да ерекше қызықты. Сосын бір-біріне бояу шашып, біркісідей қызыққа батты. Бейресми ақпаратқа сәйкес, кешкі сағат 18:45-те Сарыбел маңындағы қара саны 4000-ға таяды.
Шараны Самар ауданы әкімдігі ұйымдастырған. Аудандық туризм орталығының директоры Ермек Асқаровтың сөзінше, осындай ауқымды шара алғаш рет өткізіліп отыр.
- Адам саны айтарлықтай көбейді. Жылда маусымның басында қолға алатын шығармыз. Самар ауданы жағажай туризмінің орталығы болып есептеледі. Самардың әлеуетін басқа өңір, елдердің туристері білсе дейміз, - деді директор.
Әкімдік өкілдері қонақтар үшін бәрі барынша қызықты өтуіне мән берілгендігін атап өтті. Бояу мен көбік шашылғанда балалар ғана емес, ересек буын да бір сәт жастық шаққа оралғандай болды. Концерт басталғанша би жарысы да өтіп, үздіктеріне сыйлықтар берілді.
- Облыс аудандары мен Өскеменнен ғана емес, Павлодар, Семей қалаларынан да қонақтар келді. Осы іс-шараны басшылыққа алып, алдағы күндері Сарыбелде асықпай демалып қайтпақ. Айтпақшы, бүгінгі туристік маусымның ашылуында балалар қауіпсіздігіне ерекше мән берілді. Балалар жоғалмас үшін, тәртіп сақшылары жұмылдырылды. Шараны келесі жылы да өткізсек дейміз, - деді орталық директоры.
Айта кетейік, қас қарайған шақта Сарыбел маңындағы қара саны 5000-нан асты. Ал көрермен үшін әнші Say Mo өнер көрсетіп жатыр.

Асыл АЙТБАЕВ
Фотосурет автордікі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив