A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 21:00 0

Марқакөл ауданында «JASYL EL» жастар еңбек жасақтарының жұмыс маусымы басталды

Бүгін / Марқакол

Ауданда облыстық «JASYL EL» жастар еңбек жасақтарының XXІІ жұмыс маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Биыл Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының 50 жылдығы атап өтілді. Жарты ғасыр бойы бұл бірегей өлке Алтайдың табиғи байлығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап келеді.
Іс-шараға Жастар ресурстық орталықтарының директорлары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, жастар ұйымдарының және БАҚ өкілдері, өңір еріктілері қатысты.
Маусым бойы жасақ мүшелері Марқакөл қорығында экологиялық жұмыстарға, ормандарды қалпына келтіруге, табиғатты қорғауға және тазалауға атсалысады.
«JASYL EL» жобасының негізгі мақсаты - жастарда табиғатқа деген жауапкершілікті қалыптастыру, экологиялық мәдениетті дамыту, еңбек арқылы азаматтық ұстанымды нығайту.
Биыл облыс әкімінің қолдауымен жоба аясында өңірде 1500 жас жұмыспен қамтылады.
Бастама жастар саясатының өңірлік стратегиясы аясында қолдау тауып, «Күшіміз бірлікте» жобасының қатысушыларын қамтымақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив