A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 09:15 0

Қасым Қайсеновте жаңа саябақ салынады

Бүгін / Ұлан

Ол Өскемендегі құс фабрикасына 50 жыл толуына орай салынбақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосыновтың айтуынша, жоба дайын. 

- Мен Aitas Holding компаниясының негізін қалаушы Серік Толықпаевпен кездесу өткіздім. Жоба тұжырымдамасын талқыладық, бастапқы жұмыстар барысын қарастырып, аумақты жақсартудың одан әрі қадамдарын белгіледік. Жаңа саябақ Өскемен құс фабрикасының 50 жылдығына орай тұрғындарға сыйлық болады, - деді ол.

Саябақта жаяу жүргіншілер жолы, спорт алаңдары, демалыс аймақтары ашылады.

- Табиғи ландшафтты сақтауға ерекше назар аударылды. Барлық ағаш пен жасыл кеңістік сақталып, жобалық шешімдер аума ерекшеліктеріне бейімделеді, - деп қосты әкім.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив