A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:50 0

ШҚО мен Абай облысында БЭСК-тің SMS-хабарламалары ақылы болады

Бүгін / ШҚО

Энергетикалық компания мәліметінше, SMS-хабарламаның құны 23 теңгені құрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл қызмет арқылы тұтынушыларға электр энергиясы бойынша берешек, төлемдер және басқа да ақпараттық хабарламалар жіберіледі.
Компания өкілдері SMS-хабарламалардан бас тартқысы келетін азаматтарға арнайы өтініш жазу қажеттігін ескертті. Ол үшін БЭСК кеңселеріне немесе абоненттік бөлімдеріне жүгіну керек.
Мамандар қосымша шығындардың алдын алу үшін қызметті пайдаланбайтын тұтынушыларға оны уақытында өшіруді ұсынады.
Жаңа тәртіп 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив