A+ A A-

talgatzhan 8 Бүгін, 16:05 0

ШҚО биыл ірі халықаралық аграрлық іс-шаралар алаңына айналады

Бүгін / ШҚО

Өңірде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ауқымды іскерлік бағдарлама аясында жетекші сарапшыларды, инвесторларды, бизнес өкілдері мен салалық мамандарды қабылдауға дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

1) PRO Молоко’26 және QazaqSut көрмесі — сүтті мал шаруашылығы мен өнімдерді қайта өңдеудегі заманауи технологияларға арналған мерейтойлық V Халықаралық сүт бизнесі форумы.

2) PRO Мясо’26.QazaqET — етті мал шаруашылығы мен қайта өңдеу саласындағы озық шешімдер ұсынылатын алғашқы халықаралық ет бизнесі форумы.

3) Agro Industry Invest’26 — ШҚО-дағы майлы дақылдар секторын дамытуға, өндірістерді жергіліктендіруге, инвестициялық жобаларға және өңірдің туристік әлеуетіне арналған III инвестициялық кездесу.

4) Ара өсірушілер конференциясы — саланы дамыту перспективалары мен экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту мәселелерін талқылауға арналған алаң.

5) «Қолөнерлік ірімшік жасау» семинары — бірегей әрі бәсекеге қабілетті өнім өндіруге қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге арналған тәжірибелік сессия.

Іс-шаралар Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің және Ауыл партиясы қолдауымен өтеді. Бас серіктес — Westfalia Қазақстан (Германиядағы GEA Group компаниясының өкілі). Халықаралық серіктестер қатарында EuroTier (Германия), DeLaval, Tetra Pak және АсылКөкшеЗооветснаб бар.

Форумдар тәжірибе алмасуға, іскерлік серіктестер табуға, инвестициялар тартуға және Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін одан әрі дамытуға бағытталған стратегиялық маңызды келісімдер жасауға тиімді алаң болады.

V Халықаралық сүт бизнесі форумы «PRO Молоко’26» және «QazaqSut» көрмесіне қатысу үшін келесі сайтта тіркелу қажет:

www.agrotrends.kz

Қосымша ақпарат:
+7 701 513 23 21
+7 701 511 35 53
+7 701 500 19 91 (WhatsApp)

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив