Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында бірнеше сала өкілі балалардың жазғы демалысындағы қауіпсіздікке тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сенсек, 2025-2026 оқу жылында 1-10 сынып оқушыларының саны 93 853 бала. Оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды 100% (8 525 бала) демалыспен қамту көзделген.
Жазғы демалыс кезеңінде:
– 12 қала сыртындағы балаларды сауықтыру орталығы, оның ішінде 8 мемлекеттік, 4 жекеменшік, жалпы қамтылуы – 10 652 оқушы.
- 23 366 баланы тамақпен қамтитын 276 мектеп жанындағы балаларды сауықтыру орталығы.
Одан бөлек, барлық қосымша білім беру ұйымы мен аула клубтарында 59 736 оқушыны қамтитын, бірақ тамақтандыру жағы қарастырылмаған 226 бейіндік алаң бар.
– Облыста балалардың жазғы демалыс кезіндегі сапалы және қауіпсіз демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында облыс әкімі орынбасарымен бекітілген, – деді Ана мен бала орталығындағы балалар травматолог дәрігері Әділет Қаламов.
Оның сөзінше, ішкі істер және төтенше жағдайлар департаменттерінің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының, денсаулық сақтау, мәдениет және т.б. өкілдерін тарта отырып, Ведомствоаралық штаб құрылған. Жұмыстар бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде.
– Балалар қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мақсатында барлық қала сыртындағы сауықтыру орталықтарында жөндеу және дайындық жұмыстары жүргізіліп, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды алынды, – деді Әділет Қаламов.
Мәлім болғандай, бүгінде төрт балалар білім беру-сауықтыру орталығы («Жігер», «Синегорье», «Приморск», «Үміт») қызметін бастауға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алды. Бес балалар білім беру-сауықтыру орталығы тиісті рұқсат құжаттарын алу үшін өтінім тапсырды.
Самғар Мұқашұлы
Фотосурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Пікірлер