Қазақстанда балаларға арналған ойын автоматтарының жұмысын реттейтін заңнамалық нормалар әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
— Қолданыстағы заңнама мұндай автоматтардың жұмысы нақты реттемеген. Жақын арада жаңа заңнамалық түзетулерді таныстыру жоспарланып отыр», — деді Е. Мырзабосынов Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта «кран» түріндегі ойын автоматтары ешбір мемлекеттік органның жауапкершілігіне жатпайды.
— Сондықтан осы автоматтарды қадағалайтын өкілетті орган айқындалады, — деді ведомство басшысы.
Пікірлер