A+ A A-

talgatzhan 19 Бүгін, 19:00 0

Облыс әкімі Қытайдың Тарбағатай округі партия комитетінің хатшысымен кездесті

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары барысында Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Тарбағатай округі партия комитетінің хатшысы Чжи Сяньвэймен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кездесу барысында тараптар түрлі бағыттағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайын талқылады.
– Жылы қабылдап, қонақжайлық танытып жатқандарыңызға ризашылығымды білдіремін. Қазақстан мен Қытай – тату көрші, сенімді серіктес әрі жан-жақты стратегиялық одақтас мемлекеттер. Екі ел басшылары арасындағы өзара сенім мен достық қарым-қатынастың арқасында мемлекеттеріміздің ынтымақтастығы барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келеді. Шығыс Қазақстан облысы үшін Қытай Халық Республикасы маңызды серіктестердің бірі саналады. Әсіресе, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының шекаралас өңірлерімен қалыптасқан тығыз байланыстардың маңызы зор, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Аймақ басшысы өз сөзінде Шығыс Қазақстанның әлеуетін таныстырып өтті. Өңір табиғи ресурстарға бай. Елдегі су қорының 40 пайыздан астамы осында шоғырланған. Сондықтан да жаңа су электр станцияларын салуға мүмкіндік мол. Облыстағы титан-магний комбинаты әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі саналады. Оның өнімдері «Боинг», «Эйрбас» секілді жетекші халықаралық компанияларға жеткізіледі. Қазақстандық титанның әлемдік нарықтағы үлесі шамамен 16 пайызды құрайды. 
Шығыс Қазақстанның туристік әлеуеті де жоғары. Облыстың тұмса табиғаты мен тарихи-мәдени мұрасы туризмнің барлық дерлік бағытын дамытуға мүмкіндік береді. 
Ал Чжи Сяньвэй инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қызығушылық білдірді. Кездесу соңында тараптар бір-біріне естелік сыйлықтар табыс етті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив