Бүгін еліміздегі өңірлердің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
— Ел аумағында жаңбыр, найзағай, бұршақ, шквал және қатты жел күтіледі. Ауа райы тұрақсыз болады, — делінген хабарламада.
Астана қаласында 10 маусым күні күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыс желі, екпіні 15–20 м/с.
Алматы қаласында 10 маусым күні күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі.
Шымкентте 10 маусым күні күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс желі, екпіні 15–20 м/с.
Пікірлер