Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соған сәйкес, 10 маусым күні сағат 06:00-ден бастап Қараайрық ауылынан Рахман қайналарры шипажайына дейінгі учаскеде барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша тыйым салынды. Жолды шамамен бүгін кешкі сағат 18:00-де ашу жоспарланып отыр.
Мамандардың айтуынша, аталған учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шектеулер жөндеу толық аяқталғанша кезең-кезеңімен енгізіліп отырады.
«ҚазАвтоЖол» өкілдері сөзінше, жолдың бұл бөлігі таулы аймақта орналасқан. Мұнда жартасты беткейлер мен тік жарлар көп болғандықтан, құрылыс жұмыстары кезінде тас құлау, түрлі сынықтардың ұшуы қаупі бар.
Осыған байланысты жүргізушілер мен туристерге қауіпсіздік талаптарын сақтап, жолға шығар алдында қозғалыс жағдайын нақтылап алу ұсынылады.
Пікірлер