Денсаулық сақтау министрлігі елдегі дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру мақсатында 20 өңірдегі дәріханаларға ауқымды талдау жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
«Тауарларды таңбалау және қадағалау» жүйесі арқылы 2 635 дәрінің бағасы салыстырылды. Нәтижесінде препараттардың 49,5%-ының (1 309 атау) бағасы өзгеріссіз қалса, 20,4%-ының (669 атау) бағасы арзандаған.
Қазіргі уақытта нарықтағы 4 994 дәрілік заттың ең жоғарғы бағасы мемлекет тарапынан бекітілген. Бұдан бөлек, тегін медициналық көмек (ТМККК) пен міндетті сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі 3 000-нан астам дәрі (соның ішінде әлеуметтік маңызы бар ауруларға арналған түрлері) қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылған.
Министрлік дәрі бағасы негізсіз қымбаттаған жағдайда, азаматтарды DariKZ мобильді қосымшасы арқылы шағым түсіруге шақырады. Ол үшін тауарлық чекті пен дәрі қаптамасын суретке түсіріп жіберу қажет. Сондай-ақ бұл қосымша арқылы дәрінің жанама әсерлері туралы да хабарлауға болады.
Пікірлер