Шараны «Ауыл» партиясы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қатысушылар 13 маусым күні таңғы сағат 07:00-де таудың етегіне жиналады. Көтерілу алдында арнайы дене қыздыру жаттығулары өткізіледі.
Іс-шараның арнайы қонағы – жаттықтырушы, сондай-ақ run.oskemen жүгіру клубының негізін қалаушы Индира Оспанова.
Бағдарлама аясында кәсіби жаттықтырушының қатысуымен жаттығу өткізіліп, одан кейін қатысушылар тауға бірге көтеріледі. Сонымен қатар қала көрінісін тамашалап, естелік суретке түсуге мүмкіндік беріледі.
Ұйымдастырушылар қатысушыларға ыңғайлы аяқ киім киіп келуді ұсынады. Барлық қатысушылар ауызсумен қамтамасыз етіледі.
Пікірлер