A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:15 0

Өскемендегі Рейш көшесінде жаңа автожол ашылады

Бүгін / Өскемен

Қаладағы Рейш көшесі бойында, Сәтбаев көшесіндегі «Сарлау» сауда үйінің артқы жағынан өтетін жаңа автомобиль жолының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бұған дейін бұл аумақ көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысына қолайсыз болған. Қазір аумақ толық тазартылып, жол төсеу және айналаны абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр.
Қала әкімі Алмат Ақышовтың айтуынша, жоба көлік қатынасының қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
– Жаңа жол пайдалануға берілген соң көлік ағынын тиімді ұйымдастыруға, көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтуға және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік туады, – деді қала әкімі.
Жоба аяқталған соң аталған аумақтағы көлік қозғалысы бір қалыпқа түсіп, жол инфрақұрылымының сапасы жақсаратын көрінеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив