A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 14:05 0

ШҚО неке қию бойынша республикада үздік үштікте

Бүгін / ШҚО

Қазақстанда тіркелетін некелер саны азайып, ажырасулар саны артып келеді. Алайда Шығыс Қазақстан неке қию көрсеткіші бойынша елдегі көшбасшы өңірлер қатарында қалып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Осы жылдың бірінші тоқсанында елде 21,6 мың неке тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,9 пайызға аз. Сарапшылар мәліметінше, бұл соңғы жиырма жылдағы бірінші тоқсан үшін ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Сонымен қатар ажырасулар саны көбейген. Жыл басынан бері елімізде 11,2 мың неке бұзылған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 10,2 мың болды.
Соған қарамастан, Шығыс Қазақстан неке қию деңгейі бойынша республикада үздік үштікке кірді. Өңірде әр мың тұрғынға шаққанда 4,64 неке тіркелген. Бұл көрсеткіш бойынша тек Астана қаласы мен Алматы облысы ғана алда тұр.
Бұдан бөлек, аймақ ажырасу саны өспеген санаулы өңірлердің қатарына енді. Сарапшылар мұны өңірдегі отбасылық қатынастардың салыстырмалы түрде тұрақты екенін көрсетеді деп бағалап отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив