A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:30 0

ШҚО металлургияның бір тармағы бойынша республикада көш бастады

Бүгін / ШҚО

Өңірдің зауыт аумақтарынан жүзеге асырылған нақты жөнелтілімдер көлемі бойынша нәтиже БҰҰ әдіснамасына негізделген рейтиңгіде жарияланған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, экспорт көрсеткіштері мен кедендік декларациялар өңірлердегі нақты өндіріс көлемін әрдайым дәл көрсете бермейді. Әсіресе мұндай айырмашылық Алматы және Астана қалаларында байқалады. Сарапшылар мәліметінше, өнімдер бойынша жүргізілген қайта есептеу нәтижесінде өңірлер рейтингі өзгерген. Соның нәтижесінде ШҚО екі сатыға жоғарылап, көш бастады. 
Ал рейтингінің екінші және үшінші орындарына Қарағанды, Павлодар облыстары орналасты.
– Бұл өңірлердің жоғары көрсеткіштерін көмір өндіру және металлургия салаларының дамуымен байланыстыруға болады, – деді сарапшылар. 
Осылайша, өндірістік активтер мен өнім жөнелтілімдері бойынша облыс елдегі жетекші өнеркәсіптік өңір мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив