A+ A A-

talgatzhan 2 Бүгін, 09:00 0

Қазақстанда мамыр айында баспана саудасы бәсеңдеді

Бүгін / Республика

Ең көп мәміле Астана мен Алматы қалаларында тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

2026 жылғы мамыр айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 30 420 мәміле тіркелді. Бұл сәуір айымен салыстырғанда 13,5%-ға аз (сәуірде – 35 154 мәміле).

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мәмілелер саны бойынша Астана (5 122 мәміле, 16,8%) және Алматы (4 925 мәміле, 16,2%) қалалары, сондай-ақ Қарағанды облысы (2 630 мәміле, 8,6%) алдыңғы орындарда тұр. Ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында тіркеліп, 261 мәмілені құрады.

Көппәтерлі үйлер нарығында мамыр айында 23 381 мәміле жасалған, бұл жалпы көрсеткіштің 76,9%-ын құрайды. Бұл сәуір айымен салыстырғанда 14,5%-ға төмендеген. Ең көп мәміле Астана мен Алматы қалаларында тіркелген.

Жеке тұрғын үйлер сегментінде 7 039 мәміле жасалып, сәуірмен салыстырғанда 10%-ға азайған. Бұл бағытта өсім тек Павлодар облысында (+15%) байқалды.

Жалпы алғанда, тұрғын үй нарығында айлық та, жылдық та төмендеу динамикасы сақталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив