Алтай аудандық соты мас күйде әрі жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған әйелге қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Сот материалдарына сәйкес, түнгі уақытта полиция қызметкерлері көлікті тоқтатқан. Тексеру барысында рөлде отырған әйелдің мас күйде болғаны анықталды. Кейін бұл факт медициналық куәландыру қорытындысымен расталды. Сонымен қатар әйелде көлік құралын басқаруға құқық беретін жүргізуші куәлігі мүлде болмаған.
Істі қарау кезінде сот құқық бұзушының 14 жасқа толмаған балалары бар екенін ескерген. Осыған байланысты оған айыппұл тағайындалды.
Нәтижесінде әйелге 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Заңда қарастырылған жеңілдікке сәйкес төлем сомасы 30 пайызға қысқартылып, жалпы көлемі 605 500 теңгені құрады.
Пікірлер