Станция қызметкерлері мәліметінше, жағалауда қалдырылған пластик бөтелкелер, пакеттер мен бірреттік ыдыстар уақыт өте келе өзен ағысымен ағып, ГЭС бөгетіне дейін жетеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Бөгет маңындағы акваторияны тазарту үшін маусым бойы шамамен 10 рет тазалық жұмыстары жүргізіледі. Әр тазалаудан кейін ондаған қап қоқыс шығарылады. Орта есеппен бір тазалау кезінде бір жүк көлігіне тең қалдық жиналады.
Мамандар сөзінше, бір маусымда бөгет маңынан шамамен 100 текше метр қоқыс шығарылады. Бұл толық тиелген 10 жүк көлігінің көлеміне тең.
Өскемен ГЭС-інде арнайы қоқыс ұстағыш торлар орнатылғандықтан, қалдықтар гидротехникалық құрылыстарға өтпейді. Дегенмен бөгет маңында жиналған қоқыс өзеннің экологиялық жағдайына кері әсер етіп, қала тұрғындары мен қонақтарының назарын аударып отыр.
Пікірлер