A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 12:15 0

Глубокое ауданында бес медициналық нысан пайдалануға берілді

Бүгін / Глубокое

Бұл туралы аудан әкімі Эльдар Тумашинов Өскеменде өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісія 

Оның айтуынша, былтыр ауданның бірнеше елдімекенінде тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге арналған нысандар пайдалануға берілген.

– Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша 2025 жылы бірқатар медициналық нысан құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, Секисовка ауылында отбасылық-дәрігерлік амбулатория, Белокаменка ауылында медициналық пункт салынды. Сонымен қатар Верхнеберезовка және Бобровка ауылдарында отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар, ал Уварово ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді, – деді Эльдар Тумашинов.

Жаңа медициналық нысандар ауыл тұрғындарының алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ заманауи жабдықтармен қамтылған мекемелерде тұрғындарға сапалы әрі уақтылы медициналық қызмет көрсетілмек.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив