A+ A A-

talgatzhan 49 Бүгін, 12:30 0

Глубокое ауданында тағы бір кен орны игеріледі

Бүгін / Глубокое

Аймақта инвестициялық белсенділікті арттыру мақсатында 2026-2028 жылдары бірқатар ірі жобаны іске асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аудан әкімі Эльдар Тумашинов алдағы жылдары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында жаңа өндірістік нысандар іске қосылып, аудан экономикасының дамуына серпін бермек екенін айта өтті. 

– Инвестициялық белсенділікті одан әрі арттыру мақсатында 2026-2028 жылдарға арналған бірқатар жоба жоспарға енді. Өнеркәсіп саласындағы жетекші жобалардың бірі – Алтайский ауылындағы Ертіс кенішінде екінші кен орнын игеру. Жобаны «Востокцветмет» ЖШС жүзеге асырады. Аталған бастама ауданның өнеркәсіптік әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, – деді аудан әкімі. 

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеп, сақтау бағытында да маңызды жобалар қолға алынбақ.

Атап айтқанда, Веселовка ауылында «Недра» өндірістік кооперативі мен Быструха ауылында «Убинка-Агро» ЖШС жалпы сыйымдылығы 28 мың тоннадан асатын астық қоймаларын салуды жоспарлап отыр.

Аудан әкімінің сөзінше, бұл жобалар ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мүмкіндігін кеңейтіп, өнім шығынын азайтуға ықпал етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив