A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 12:40 0

Зейнетақы ақшасын алу үшін қанша табыс табу керек?

Бүгін / Республика

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Үкіметте өткен брифингте зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін белгіленген жеткіліктілік шектерінің жаңартылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Журналистер вице-министрден жаңартылған жеткіліктілік шектері нақты кімдерге арналғанын сұрады. Өйткені зейнетақы жинақтарын пайдалануға шынымен мұқтаж азаматтардың көпшілігі бұл қаражатты қажетті мақсаттарына жұмсай алмай отырғанын айтты.

Зейнетақы жинақтарының негізгі мақсаты – азаматтарды қартайған шағында зейнетақымен қамтамасыз ету. Егер ең төменгі жеткіліктілік шегі туралы айтатын болсақ, бұл – ұмтылу қажет межені білдіреді, – деді Виктория Шегай.

БАҚ өкілдері спикерден адам зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігіне ие болуы үшін 20 жастан бастап қанша табыс табуы керек екеніне қатысты есептеулер жүргізілген-жүргізілмегенін нақтылады. Алайда Еңбек министрлігінің өкілі бұл сұраққа жауап ретінде жоғарыда айтқан пікірін қайталады.

Қайталап айтамын, ең төменгі жеткіліктілік шектерінің негізгі мақсаты – 63 жасқа келгенде жеткілікті деңгейдегі зейнетақы алу үшін қажет ең төменгі зейнетақы жинағының көлемін айқындау, – деді Виктория Шегай.

Еске салайық, 6 маусымда БЖЗҚ зейнетақы жинағын алудың жаңа жеткіліктілік шектерін жариялады.

Сондай-ақ министрлік жеткіліктілік шектерін көтеру қазақстандықтардың болашақ зейнетақысын қорғауға бағытталғанын айтты. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив