A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 13:05 0

Глубокое ауданы тұрғындары орта есеппен 405 мың теңге жалақы алады

Бүгін / Глубокое

Аудан әкімі Эльдар Тумашиновтің сөзінше, экономикалық көрсеткіштерде өсім байқалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Мәлім болғандай, ауданда орташа жалақы деңгейі 9,9%-ға өсіп, 405,1 мың теңгені құраған.

– Аудандағы экономикалық белсенді халық саны 31,3 мың адамды құрайды. Оның ішінде 29,9 мыңы жұмыспен қамтылған. Соның 26,4 мыңы – жалдамалы қызметкерлер, ал 3,4 мыңы – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар. Жұмыссыздар саны 1,4 мың адамды құрап, 2025 жылдың қорытындысында жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға жетті, – деді Эльдар Тумашинов.

Сондай-ақ аудан басшысы 2026 жылға арналған жұмыспен қамту жоспары туралы да ақпарат берді.

– Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 1 493 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның 1 107-сі тұрақты, 386-сы уақытша жұмыс орындары. Сонымен қатар 253 жұмыс орны субсидияланатын бағытта құрылады. Жыл басынан бері 594 жұмыс орны ашылды, – деді әкім.

Әлеуметтік қолдау шаралары да жалғасып келеді. Аудан әкімдігі мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмекпен 31 отбасы қамтылған. Бұл 143 адамды құрайды, оның ішінде 97 бала бар. Оларға жалпы 12,5 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив