Мемлекет басшысы Қазақстанның Конституциясына сәйкестендіру және құқықтық жүйені жетілдіру аясында екі заңға қол қойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды
Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Фото: Ақорда
Пікірлер