A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 15:00 0

Елімізде жылына 240 мың сапалы жұмыс орнын құру жоспарланып отыр

Бүгін / Республика

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Үкіметте 2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қандай нәтиже беретіні туралы болжамды мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— Аталған шараларды атқару нәтижесінде бюджет саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы артады. Сондай-ақ, халықтың, әсіресе, жалақысы төмен және орташа топтардың табысы инфляциядан 2-3%-ға жоғары болады. Бұл қоғамның әртүрлі қабаттары арасындағы айырмашылықты қысқартады, — деді ол аталған жоспар таныстырылғаннан кейін ұйымдастырылған баспасөз конференциясында.

Бұдан бөлек, заманауи технологиялары мен білікті кадрлары бар сапалы жұмыс орындары құрылып, соның арқасында өндіріс тиімділігі жоғарылайды. Жылына 240 мың сапалы жұмыс орны құрылмақ.

Кәсіпорындармен 600-дей меморандум жасалып, дуальды оқыту моделі күшейтіледі. Нәтижесінде, адами капиталдың сапасы артып, мамандар кәсіби және цифрлық дағдыларды сіңіреді.

Сонымен бірге, ауылдық жерлерде 30 мыңнан астам бюджеттік шағын несие беріледі.

Кәсіпкерлік те дамып, сапалы жұмыс орындары жылына 10%-ға көбейіп отырады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары аясындағы өнімдер мен қызметтерге қосылатын сауда үстемесі 15% деңгейінде тұрақтайды.

Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2029 жылы 8,2 миллион теңгеге өседі.

Сонымен қатар, 2029 жылы халық табысының азық-түлікке жұмсалатын үлесі 40%-дан аспайды.

— Жалпы алғанда, кәсіпкерлік пен креативті индустрияны дамыту, мүмкіндіктерді кеңейту, сапалы жұмыс орындарын құру, қаржылық тұрақтылықты нығайтудың арқасында кешенді жоспар аясындағы барлық мақсат-міндет орындалады, — деді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін Азамат Әмрин қазақстандықтардың несиесі 27,5 трлн теңгеге жеткенін мәлімдеген еді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив