A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 16:00 0

Қазақстанда жаңа мерекеге орай қосымша демалыс берілуі мүмкін

Бүгін / Республика

Қазақстандықтарға наурыз айында тағы бір мереке күні қосылуы мүмкін,  деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Үкіметте өткен брифинг барысында журналистер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді.

Журналистер вице-министрден жаңа Конституция күнін ұлттық мереке ретінде бекітіп, қазақстандықтарға қатарынан екі күн демалыс беру жоспарда бар-жоғын сұрады.

Айуынша, Еңбек министрлігі бұл бастаманы қарастыруы мүмкін.

Конституция қабылданғаннан кейін мерекенің 30 тамыздан 15 наурызға ауыстырылды. Сондықтан бұл күннің мереке күні әрі ресми демалыс болатыны сөзсіз, – деді Виктория Шегай.

Ал Конституция күніне байланысты екі күн демалыс беру мәселесіне қатысты вице-министр бұл сұрақты қарастыруға болатынын айтты.

Менің ойымша, бұл мәселе Үкімет деңгейінде қаралатын болады. Қазір бұл сұраққа нақты жауап беруге дайын емеспіз, – деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив