A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 15:05 0

Аягөзде балалардың көзінше шешінген ер адам 15 тәулікке қамалды

Бүгін / Өзге

Аягөз аудандық соты қоғамдық орында жасалған ұсақ бұзақылыққа қатысты істі қарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Сот мәліметінше, 5 маусымда ер адам балалар ойын алаңы жанындағы көлігінде отырған. Көлігінің есіктері ашық тұрғанда ол жалаңаштанып, көпшілік алдында бейәдеп қылық көрсеткен. Осы әрекетімен қоғамдық тәртіпті, жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзған.
Аталған факті бойынша ер адамға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне («Ұсақ бұзақылық») сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Сот отырысында іс материалдары, куәгерлердің айғақтары мен құқық бұзушылық жасалғанын растайтын өзге де дәлелдер қаралды.
Жаза тағайындау кезінде сот құқық бұзушылық сипатын, қасақана жасалғанын және оқиғаның Балалар ойын алаңы жанындағы қоғамдық орында болғанын ескерді. Нәтижесінде құқық бұзушыға 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Фотосурет: ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив