A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 17:15 0

Биыл Қазақстанда бет-жүзін тұмшалаған 21 адамға ескерту берілген

Бүгін / Республика

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім кигені үшін 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда әзірге олардың барлығына тек ескерту берілген, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, аталған нормаға қатысты жұмыстар жаңа басталғандықтан, полиция қызметкерлері алдымен халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге басымдық беріп отыр.

Қазіргі таңда осыған орай жұмыстар басталды. Біріншіден, полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта 21 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға ескерту жарияланды,– деді Әділов.

ІІМ өкілінің мәліметінше, аталған құқық бұзушылық үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив