5 шілдеде Ұлан ауданындағы Каменка ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді, деа хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әкім лауазымына үш адам үміткер. Олар – Каменка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ринат Төлеуханов, округтің қазіргі әкімі Айдар Тоқтамұратов және Таврия ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Анна Шулятецкая.
Сондай-ақ 5 шілдеде Глубокое ауданындағы Верхнеберезовский кенті әкімінің сайлауы өтеді.
Ал 19 шілде күні Глубокое ауданының Кожохово ауылдық округі әкімін сайлау жоспарланған. Бұл сайлауға қатысатын кандидаттар туралы мәлімет кейінірек белгілі болады.
Сонымен қатар 7 маусымда Катонқарағай ауданындағы Ақсу ауылдық округінде әкім сайлауы өтті. Сайлау қорытындысында округ әкімі болып Ақсу орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айқын Манашов сайланды.
Пікірлер