Қазақстанда қолданыстағы энергетикалық нысандарды жаңғыртуға басымдық беріледі. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстан көмір өнеркәсібінің VII форумында мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, елдегі электр станциялары жабдықтарының едәуір бөлігі жоғары деңгейде тозған.
— Сондықтан қолданыстағы қуаттарды қалпына келтіру, апаттық жағдайлардың алдын алу, станциялардың жұмыс тиімділігін арттыру және оларды қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту маңызды міндет саналады, — деді Ерлан Ақкенженов.
Оның сөзінше, энергетикалық нысандарды жаңғырту көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жобаның негізгі бағыттарының бірі болады. Бұл жұмыс энергия жүйесінің сенімділігін күшейтуге, тәуекелдерді азайтуға және қолданыстағы қуаттардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Пікірлер