A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 17:00 0

Қазақстандағы қонақүй және демалыс орындарының саны көбейді

Бүгін / Республика

Елдегі орналастыру орындарының саны бір жылда 192-ге артты.Бұл туралыҰлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің деректері бойынша, 2026 жылдың алғашқы үш айында Қазақстанға 3 миллион турист келген. Ал осы кезеңде шетелге 2,47 миллион қазақстандық шыққан.

1 сәуірдегі жағдай бойынша елдегі қонақүй, демалыс базасы мен басқа да орналастыру орындарының саны 4 505-ке жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 192 нысанға көп.

— Бірінші тоқсанда орналастыру орындары 2 миллион қонаққа қызмет көрсетті. Оның ішінде 802 мыңнан астам адам Қазақстанның курорттық аймақтарында демалған. Қаңтар-наурыз айларында қонақүйлер мен өзге де орналастыру орындарының көрсеткен қызмет көлемі 69,4 млрд теңгені құрап, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 13,9 пайызға өсті, — делінген бюро таратқан ақпаратта.

Елімізде қазіргі уақытта 23 бес жұлдызды қонақүй жұмыс істейді. Олар бірінші тоқсанда 158 мың қонақты қабылдаған. Сондай-ақ 45 төрт жұлдызды қонақүйде 113,5 мың адам, ал 26 үш жұлдызды қонақүйде 58,9 мың адам орналасты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив