A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 10:00 0

Қазақстанда электр энергиясының 62 пайызы көмірден өндіріледі

Бүгін / Республика

Энергетика министрлігі елдегі электр энергиясын өндірудің түрлі көздерін теңгерімді дамытуға басымдық беріп келеді. Қазіргі таңда Қазақстанның энергия теңгерімінде көмір генерациясы негізгі рөл атқарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметтерге сәйкес, электр энергиясы өндірісінің 62,1 пайызы көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларына тиесілі. Бұл көрсеткіш көмірдің әлі де еліміздің энергетикалық жүйесіндегі басты ресурс болып отырғанын көрсетеді.

Сонымен қатар газ генерациясының да үлесі артып келеді. Қазіргі уақытта газ электр станциялары жалпы электр энергиясы өндірісінің 23,4 пайызын қамтамасыз етеді. Газ станциялары салыстырмалы түрде экологиялық әсері төмен әрі энергия жүйесінің икемді жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ірі су электр станцияларының үлесі 7,5 пайызды құрайды. Олар экологиялық таза энергия өндірумен қатар, энергия жүйесінің тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқарады.

Жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) де үлесі жыл сайын өсіп келеді. Бүгінде күн, жел және басқа да жаңартылатын энергия көздері жалпы электр энергиясы өндірісінің 7 пайызын қамтамасыз етеді.

Осылайша, Қазақстан энергетика саласында генерация көздерін әртараптандыру саясатын кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Қолданыстағы қуаттарды жаңғырту, жаңа энергетикалық нысандар салу, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін, газ генерациясы мен гидроэнергетиканы дамыту бағытындағы жұмыстар елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және энергиямен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив