A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:40 0

Күршімнің балы Астана мен Алматыға жеткізіледі

Бүгін / Күршім

Ауданда ауылшаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Сымбат Дүйсенғазин мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әсіресе балға деген сұраныс жоғары.
– Ауданда бал шаруашылығы негізінен Маралды ауылдық округінде шоғырланған. Ара шаруашылығымен айналысатын ірі және шағын 51 жеке кәсіпкер, жеке қосалқы шаруашылық тіркелген. Ауданның бал өнімдері Астана, Алматы, Өскемен қалаларына және жеке сұраныстар бойынша ішкі нарыққа өткізіледі, - деді Сымбат Дүйсенғазин. 
Анықталғандай, мал тұқымын түрлендіру және асылдандыру бағытында мал шаруашылығына 144 шаруаға 153,5 млн теңге көлемінде субсидия төленді.
– Аудан бойынша бүгінде 500 бастан жоғары ұсақ мүйізді мал ұстайтын 23 шаруа қожалығы,  және 100 бастан жоғары ірі қара мал өсіретін 38 шаруа қожалығы тіркелген. Аталған шаруашылықтар мал басын көбейтумен қатар, асылдандыру жұмыстарын жүргізу, мал бордақылау, мал шаруашылығы өнімдерін бастапқы (шикізат) күйінде өндіру және өткізу бағытында жұмыс атқаруда. Бұл шаруашылықтар ауданның мал шаруашылығы саласындағы өндірістік әлеуетін арттыруда және ауыл халқын жұмыспен қамтуда маңызды рөл атқарып отыр, - деді аудан әкімінің орынбасары.
Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілді. Биыл егістік көлемі 22,7 мың гектарды құрады. Оның ішінде: дәнді дақылдар - 1202 гектар, майлы дақылдар - 1050 гектар, бақша - 605 гектар, көкеніс - 320 гектар, картоп - 625 гектар, мал азықтық дақылдар - 20 мың гектар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив