Бұл жолдың 37-47 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 737 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Күршім ауданы бойынша барлық автокөлік жолы 563,7 шақырымды құрайды. Оның ішінде облыстық маңызы бар жолдар - 294 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар - 135,3 шақырым, елдімекен көшелері - 134,4 шақырым.
– Қазір Қаратоғай, Барақ батыр және Құйған ауылдарында жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Каратоғай ауылындағы І.Айтықов көшесінің 0,9 шақырымы 2,9 млн теңгеге жөнделді. Сонымен қатар ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары 17 млн теңгеге толық аяқталды. Барақ батыр ауылындағы Қ.Сұраужанұлы көшесінің 2 шақырымына 22 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - деді аудан әкімінің орынбасары Сымбат Дүйсенғазин.
Оның сөзінше, Құйған ауылының Набережная көшесін жөндеуге қаражат қарастырылып, келісімшарт жасалуда.
Пікірлер