Аталған білім ордасы Қыстау-Күршім ауылында салынып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, офтейк келісімшарт шеңберінде Бірлік ауылында да 50 орындық мектеп құрылысы аяқталуда. Жалпы ауданда 27 білім ошағы бар.
– Оқу жылының нәтижесі бойынша 536 оқушы оқу озаты атанса, 887 білім алушы оқу екпіндісі болды. 2024 жылы Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі, Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі, Қыстау-Күршім негізгі орта мектебі, Сарыөлең орта мектебі және «Болашақ» балабақшасын жөндеу жұмыстары жүргізілді, - деді аудан әкімінің орынбасары Сымбат Дүйсенғазин.
Биыл 2 мектептің жөндеу жұмыстарына қаражат бөлініп, биология, химия кабинеттері сатып алынды.
– 1 маусым — Балалар күніне орай сенімгерлік басқару шеңберінде Күршім ауылында 140 орындық «Дара бала» балабақшасы пайдалануға берілді. Бұл кезекте тұрған балалардың мәселесін едәуір қысқартты. Енді аудан орталығы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдардан толықтай қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындар ашуға мүмкіндік берді, - деді Сымбат Дүйсенғазин.
Пікірлер