Тоқты
Жан-жақты өзгеріс көп болып жатса да, қазіргі жағдайыңыз жаман емес. Тыным бермеген түйткілдер азайып, арқаны кеңге салуға мүмкіндік аласыз. Алайда соңғы уақыттағы ұмытшақтығыңыз қателік жасауға себепші болуы мүмкін.
Торпақ
Өмір ағысының ырғағын бақылауда ұстап, әр істің дұрыс-бұрысын көрсететін ұстаз-жетекші іздейсіз. Бастығыңыз кеңес берсе құлақ асқаныңыз жөн. Әр істі мұқият зерделеуіңіз қызметіңіздің өсуіне негіз болмақ.
Егіздер
Асқа деген тәбетіңіз нашарлайды. Бәлкім, жұмысбастылықтан қатты шаршап жүрген боларсыз. Қолыңыз тиіп жатса басшылықтан бірнеше күнге сұранып, бір жаққа саяхаттап қайтыңыз.
Шаян
Түрлі жиын-кездесулер легі көбейеді. Бір нәрсеге келіспес бұрын өз мүмкіндігіңізді бағамдап алыңыз. Тұрмыстық қиындықтар туындап, ұсақ-түйек мәселелер қордаланып қалса, әріптестеріңізді көмекке шақырыңыз.
Арыстан
Қазір жұмысыңыздан кінәрат тауып, сыныққа сылтау іздейтіндер қаптайды. Кімдікі дұрыс екенін анықтағанша, ешкімге жақ ашпағаныңыз жөн. Жақындарыңыз бен туысқандарыңызға дауыс көтермеңіз, керісінше, жылы сөйлеуге ұмтылыңыз.
Бикеш
Әлдекіммен әңгімеңіз жараспай, күніңіз сәтсіз басталуы мүмкін. Жұлдыздар күнделікті қарбаластан арылу үшін екі-үш күнге демалыс алғаныңыз жөн деп санайды. Ал тынығудың сәті түссе оңаша қалып, у-шудан бойыңызды аулақ ұстаңыз.
Таразы
Осы кезеңдегі кейбір келеңсіздіктерден достарыңызбен жүздесу ғана құтқарады. Басқаларға иек артудың қажеті жоқ, себебі көпшіліктің өзгенің мәселесіне мойын бұрып қарар мүмкіндігі жоқ. Жәрдем күткен жандар жаныңыздан табылмаса, еш қапаланбаңыз.
Сарышаян
Жұмыстағы тапсырмаларды бір өзіңіз арқаламаңыз. Көтере алмайтын шоқпарды белге байласаңыз талай шаруа сол күйі қалуы кәдік. Апта ортасында күтпеген жерден пайдаға кенелуіңіз ғажап емес.
Мерген
Өмірлік құндылықтарды бекіте біліңіз. Мақсатыңызға тірек болар алғышарт іздесеңіз көркем әдебиетті көптеп оқуға тырысыңыз. Апта ортасында әріптестеріңізбен болған ескі кикілжіңнің бір шетін шығарып, татуласудың сәті түседі.
Тауешкі
Өткен аптада бірқатар ықпалды адамдармен келісімшартқа отырып, тығыз әріптестік орнатуға оқталсаңыз соның реті енді тумақ. Алайда кәсіпкерлік тұрғысындағы серіктеріңіз әр қадамыңызды қолдап, керек болса, жігерлендіріп отырады.
Суқұйғыш
Жұлдыздар болашаққа жоспар құруға асықпауға шақырады. Бұған ден қоя біліңіз. Бұрын-соңды алыс сапарға шығуды мақсат етсеңіз, басшылық артқан жүктемелерді осы бастан орындай беріңіз.
Балықтар
Бір апта демалыс алсаңыз, жауапты жұмыс кезінде сарқылған күш-қуатыңызды қайта толтыруға мүмкіндігіңіз болады. Олай болмағанда, жұмысбастылықты барынша азайтып отырыңыз. Күнделікті ауқаттану мәзірінде дәруменге бай тағамдар тұтынуға тырысыңыз.
Пікірлер