A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 15:00 0

Құрылтай жұмысының алғашқы кезеңі 1 шілдеде басталады

Бүгін / Республика

Елорада жаңа Конституцияның мемлекеттік басқаруды дамытудағы рөлі талқыланған халықаралық конференция өтті. Іс-шара ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Жиында жаңа Конституцияның күшіне енуімен бірге жүзеге асатын саяси реформалар сөз болды. Атап айтқанда, Вице-президент институтын енгізу, Халық кеңесін құру және Парламентті Құрылтай ретінде жаңғырту мәселелері талқыланды.

Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігі, Конституциялық Соттың судьялары, Парламент Мәжілісінің депутаттары мен ҚР Әділет министрлігінің өкілдері қатысты. Олар конституциялық реформалардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі маңызын сөз етті.

Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай жаңа Конституцияны іске асыру бағытында барлық негізгі заңнамалық тетік қалыптасқанын жеткізді.

— Біз жаңа Конституцияны қабылдадық. Оған сәйкес қажетті конституциялық заңдар әзірленіп, қабылданды. Негізгі заңнамалық база толық қалыптасты. Енді ел жаңа Конституция талаптарына сәйкес жұмыс істей бастайды. Бірінші кезектегі мәселе – Құрылтайдың жұмысы. 1 шілдеден бастап Құрылтай құрамына кірген қатысушылар өз қызметіне кіріседі. Үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, арнайы топтар құрылып, олар республика аумағында жұмыс атқарады, — деді ол.

Серік Ақылбай өз сөзінде Халық кеңесін құру жұмыстары қыркүйек айында басталатынын да атап өтті.

— Бұл туралы Президент те өз сөзінде атап өтті. Заңнамаға сәйкес Халықтық кеңесті құру қыркүйек айында ғана мүмкін болады. Қажетті заң қабылданып, күшіне енгенімен, кеңесті жасақтау жұмыстары күзде басталады, — деді Серік Ақылбай.

Ал Мәжіліс депутаты Марат Башимов кәсіби парламент қалыптастыру Мемлекет басшысы айқындаған негізгі міндеттердің бірі екенін айтты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив