«Қазгидромет» РМК 16-18 маусымға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, екпінді жел соғып, бұршақ түсуі мүмкін.
16 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, ал 18 маусымда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты жаңбыр күтіледі.
Күндіз ауа температурасы еліміздің оңтүстік-батысында және оңтүстігінде +35…+40°С-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.
Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде де ауа температурасы +35…+38°С-қа дейін жоғарылап, қатты ыстық сақталады.
Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Айта кетейік, 16 облыста ескерту жарияланды.
Пікірлер