A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 12:00 0

Қазақстандықтардың 73,7%-ы табысы мен шығысын есепке алады - зерттеу

Бүгін / Республика

Қазақстандықтардың 73,7%-ы жеке табыстары мен шығыстарын белгілі бір деңгейде есепке алып отырады. Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институтының зерттеуінде айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 34,9%-ы барлық қаржылық операцияларын жүйелі түрде тіркейді. Ал 38,8%-ы табысы мен шығысын шамамен есептеп отыратынын көрсеткен.

- Сауалнамаға қатысқандардың 73,7%-ы жеке қаржысын белгілі бір деңгейде бақылап отырады. Оның ішінде 34,9%-ы барлық қаржылық операцияларды тұрақты түрде тіркесе, 38,8%-ы шамамен есеп жүргізеді. Сонымен қатар респонденттердің 17,1%-ы шығыстарын мүлде бақыламайтынын айтса, 6,9%-ы мұндай есеп жүргізуді қажетсіз деп санайды, – делінген зерттеу қорытындысында.

Сарапшылардың айтуынша, қаржылық тәртіпке отбасы жағдайы да әсер етеді.

Атап айтқанда, кәмелетке толмаған балалары бар респонденттердің 78,7%-ы табысы мен шығысын тұрақты немесе ішінара есепке алады.

Ал балалары жоқ азаматтар арасында бұл көрсеткіш 70%-ды құраған.

Зерттеу авторларының пікірінше, жақындары алдындағы қаржылық жауапкершілік отбасылық бюджетті саналы түрде басқаруға ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив