Аудан әкімі мұны Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, былтыр ауылдарды ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында 10 жобаға 1 078,7 млн теңге қаржы бөлінген.
– Құйған және Жаңаауыл ауылдарында ауызсу желілерін қайта жаңғырту аяқталды. Сондай-ақ Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты Жаңаталап ауылы толықтай ауызсумен қамтылды. Қазір Асусай және Шорға ауылдарында орталықтандырылған су құбыры желілері мен су жинау резервуарларының құрылысы жүргізілуде, – деді Дархан Шомпайұлы.
Айта кетейік, алдағы уақытта Шеңгелді, Шолақорда, Ахметбұлақ, Тәуке, Жамбыл және Бозша ауылдарына да орталықтандырылған су құбыры желісін тарту жоспарланып отыр.
Пікірлер