A+ A A-

talgatzhan 48 Бүгін, 12:05 0

Тарбағатайда 5000 басқа арналған бордақылау алаңдары салынбақ

Бүгін / Тарбағатай

Қазір ауданда 100 бастан асатын бес бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Әкімдік өкілдері тағы бір құрылыс қолға алынатынын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, қазір Ақжар ауылдық округіндегі «Ихан баба», «Мойын», «Сенім» шаруа қожалықтары мен Жетіарал ауылдық округіндегі «Дарабоз» және «Жетіарал даму» шаруашылықтары ірі қара малды бордақылау бағытында табысты еңбек етіп жатыр.
– Аудан аумағында қуаттылығы 1000 бастан 5000 басқа дейінгі ірі бордақылау алаңдарын салу жобалары қолға алынуда. Оның ішінде Ақжар және Жаңаауыл ауылдық округтерінде әрқайсысы 5000 басқа арналған заманауи бордақылау алаңдарын салғалы отырмыз, – деді аудан әкімі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив