Ауданда бірнеше білім беру нысанын жөндеуден өткелі отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратпен аудан басшысы Дархан Жөргекбаев бөлісті.
– Күрделі жөндеу жұмыстары «Қ. Билялов атындағы мектеп-лицейі» мен «Құйған орта мектебін» қамтиды. Әр жобаға облыстық бюджеттен шамамен 800 млн теңге көлемінде қаражат бөлу қарастырылған. Қазір нысандар бойынша жобалық-құжаттамалық жұмыстар жүзеге асырылып жатыр, - деді Дархан Жөргекбаев.
Пікірлер